22.11.2024

Қазақстан білім беру сапасы жөнінен 49-орынға табан тіреді

Әлем елдеріндегі білім беру сапасының рейтингі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген тізімнің көш басында Азия елдері тұр.

Аталмыш рейтинг математика және жаратылыстану ғылымдарына арналған халықаралық тестің нәтижесінде жасалыпты. Тізімді дайындау үшін 76 елдегі емтихан бағалары салыстырылған. Білім беру сапасы ең жоғары болып Сингапур танылса, одан кейінгі орындарға Гонконг пен Корея жайғасқан. Ал үздік бестікті Жапония мен Тайвань елдері қорытындылапты. Қазақстан бұл тізімде 49-орынға жайғасты. Еліміз білім сапасы жөнінен Армения, Иран, Малайзия сынды мемлекеттердің алдын орап кетті. Аталмыш тізімде Ұлыбритания 20-шы, АҚШ 28-ші, Ресей 34-ші орынға орналасқан. Ал, білім беру жүйесі көш соңында қалған елдердің қатарында Гондурас, Оңтүстік Африка мен Гана бар.

 Аталмыш ретингті экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мамандары экономика мен білім арасындағы байланысты есептеп шығарды.  

Зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанда білім беру жүйесі орташа деңгейде болғанымен, бұл экономикаға айтарлықтай ықпалын тигізеді. Яғни, Қазақстан мемлекеті зерттеу деректері бойынша экономикалық деңгейі жоғары деп танылды. Көрсеткіш 356%-ды құрайды. Бұған білім саласындағы реформалар ықпалдасуы мүмкін, делінген басылымда.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА