22.11.2024

Ә. Жақсыбеков: Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келеді

Бүгін «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша өз білімдерін дәлелдеген елорданың 111 түлегіне «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дәстүрлі «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстау рәсіміне ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

Әкім кешегі мектеп оқушыларын атаулы күнмен құттықтап, білімдерін растайтын алғашқы құжатты алуларымен құттықтады. Қала басшысы, сондай-ақ, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 84-тен 111 түлекке дейін артқанын атап өтті.

Ә. Жақсыбеков жылдар бойы оқушыларды кәсіби түрде дайындап тәрбиелеген ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс білдірді.

–  Елордада білім деңгейі жылдан жылға артып келе жатқаны қуанышты жайт. Астана білім сапасы бойынша елімізде бірінші орында тұр, – деді әкім.

Сонымен қатар, қала басшысы 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасында бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған білім жүйесін жетілдіруге бағытталған меморандум да қалада білім сапасын арттыруға септігін тигізбек.

– Астанада білім саласының дамуына инфрақұрылымдық даму жағдайы да оң әсер етеді. 17 жылдың ішінде елордада 44 мектеп салынды. Сонымен қатар, биыл 5075 орынға есептелген жалпы білім беретін 5 мектеп пен 1050 орындық қосымша ғимарат салынбақ, – деді елорда басшысы.

63b807f82dd2d40b1950a61db28Әкімнің атап өтуінше, елімізде білім саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударады. Бүгінгі күннің өзінде-ақ оң нәтижелерді байқауға болады. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша 399 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысты, соның ішінде 238-і медальдармен марапатталды.

– Бүгінде елордада еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары орналасқан, олардың есіктері сіздер үшін әрдайым ашық және бұл мекемелерде отандық және шетелдік үздік педагогтар жұмыс істейді, – деді әкім өз сөзінде.

Айта кетейік, бүгін 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша қаладағы 77 мектептің 4407 түлегіне аттестаттар табысталды, соның ішінде 35-і үздік аттестат иегері.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА