26.11.2024

Келер жылы ҰБТ формасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды – ҚР БҒМ

2016 жылғы ҰБТ форматының өзгеруі туралы ақпаратты ҚР БҒМ растамайды. Атап айтса, келесі жылы ҰБТ-ны екіге бөлу, эссе жазу түріндегі бітіру емтихандары мен басқа да күрделі өзгерістер енгізу туралы тұғырымдамалық жаңалықтар жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сондай-ақ, министрлік тарапынан ҰБТ форматына қатысты қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Парламентінде қарастырылуда жатқан Заңының жобасына түзетулер енгізілмеді.

Сонымен қатар, ҰБТ-ны әкімдендіру мәселесі бойынша бірқатар өзгерістер енгізу жақын арада жоспарлануда. Оның ішінде, мемлекеттік комиссиялар мен Министрлік өкілдерінің құрамына тәуелсіз байқаушыларды қатыстыру міндеттеледі.

ҰБТ жүйесіндегі басқа бағыттарды жетілдіру, оның ішінде, компьютерлік тестілеуге көшу, тестілеуді бірнеше рет тапсыру және 3+2 форматына көшу қазіргі таңда педагогтар мен сарапшылар арасында, сондай-ақ қоғамда талқылануда.

Осылайша, ҰБТ-ға байланысты кез келген маңызды өзгерістер кең талқылауға ұсынылып, жан-жақты пысықталып қабылданады.

Министрлік сонымен бірге, мектептегі бағалаудың 10 балдық жүйесін енгізу мүмкіндігі туралы баса нақтылауды негізсіз деп санайды. Аталған жағдайда басты мағына – мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде алдағы уақытта оқушыларды бағалаудың критериалды жүйесін қолдану.

Атап айтсақ, тамыз конференциясында Министрліктің жоспары бойынша бағалау жүйесін кезең-кезеңмен біртіндеп жетілдіру туралы айтылды. Қандай жүйенің нақты таңдалатыны туралы айту әлі ерте. Бұл мәселе туралы сарапшылар мен қоғам арасында талқылау жұмыстарын жүргізу көзделуде. 

БАҚ.КЗ

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА