22.11.2024

Ұстаз туралы ұлылар ұлағаты

Ұстаздық мінез – құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкіртті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді.
Әл – Фараби

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин.

Оқытушы бағалағанда, олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек.
Ы.Алтынсарин.

Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин.

Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.
А. Құнанбаев.

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Ж.Баласағұн.

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
С.Көбеев.

Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
А. Құнанбаев.

Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімінде жатыр.
Р.Эмерсон.

Басқаларды оқытып – үйретуді нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтің өзі оқуы керек. Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс.
Е.О.Патон.

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру оңай.
Д.Локк.

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғ.Мүсірепов.

Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпайды.
Боэцкий.

Жақсы үлгі – өнеге көрсеткенде ғана адамның қолы биік арманға жетеді.
С.Цвейг.

Тәрбиеші болу үшін адамның жандүниелік қасиеттерді пәктік, ізгілік, әділеттілік сияқты сөздермен байланысты сипатталуы қажет.
Е.Букетов.

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру оңай.
Д. Локк.

Тәрбиеші – балалардың жақсы досы.
Н.И.Крупская.

Жастық еңбегін бағалау, жол аша білу – үлкеннің міндеті, бұл міндетті орындау үшін үлкеннің өзі зор мәдениет иесі болу керек.
Е.Букетов.

Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болуы үшін намысқа тиюдің түк қажеті жоқ.
Ф.Ларошфуко.

Өз басын басқара алмайтын адам басқаларды басқаруға да жарамайды.
У.Пенн.

Ұстаздың абыройы болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
С.Сарай.

Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог те жоқ.
К.Д.Ушинский.

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар, тәрбиеші және адал, әділетті, шыншыл адам болуға тиіс.
К.Д.Ушинский.

Тәрбиеші чиновник емес, ондай болса, ұстаз бола алмайды.
К.Д.Ушинский.

Егер менен бүгінгі таңда мұғалімдерге ең қажетті нәрсе не деп сұраса, мен жаңа адамды тәрбиелеп өсіру деген болар едім… Бізде социалистік қоғамның жаңа адамдары туып келеді. Міне, осы жаңа адамдарға адамның ең жақсы қасиеттерін сіңіре білуіміз керек.
М.И.Калинин.

… қолында әкімшілік билігі бар қызметкер кішіпейіл адам болуы керек.
М.И.Калинин.

Тәрбиеші – балалардың жақсы досы.
Н.И.Крупская.

… дара басшыға біздің талабымыз өте-мөте жоғары және күрделі… дара басшылық мүлдем басқаша, өзгеше қасиеттерді керек етеді. 
М.В.Фрунзе.

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорғаныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл – Фараби

Мұғалімнің дүниені тануы, оның өмірі, оның әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы қалайда барлық оқушыға әсер етеді… сондықтан да мұғалім өзінің мінез-құлқы, әрекеттері дүние жүзіндегі бірде-бір адамдарда болмайтын күшті бақылауда екендігін сезе біліп, өзін-өзі ұстай білуі қажет.
М.И.Калинин.

Мұғалім өзінің барлық жігерін, білімін бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
М.И.Калинин.

Адам баласы, егер де өзін-өзі педагогикалық әрекетке органикалық бейімдемесе, табиғатта он адамнан тек біреуі ғана педагог болып шығады, ал педагог болуға бейімі жоқ, бірақ та соған қарамастан, педагогикалық қызметпен шұғылданғысы келетін адамнан ақыр аясында нағыз педагог шықпайды.
М.И.Калинин.

Қазіргі дәуірде мұғалімнің мамандығы – ең жауапты, ең қадірлі мамандық болып табылады. Бұл мамандықтың рөлі мен маңызы алдағы уақытта арта бермек.
Н.И.Крупская.

Тәрбиеші болу үшін адамның жандүниелік қасиеттерді пәктік, ізгілік, әділеттілік сияқты сөздермен байланысты сипатталуы қажет.
Е.Букетов.

Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалды оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие.
К.Д.Ушинский.

Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келетін болса, онда ол алдымен адамды да барлық жағынан біліп алуға тиіс.
К.Д.Ушинский.

Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екенінде дау жоқ. Мәселенің ең бастысы тәрбиеленушімен қолма қол істес болып отыратын тәрбиешінің өз басына байланысты болады.
К.Д.Ушинский.
Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.

Тәрбиеші адамның шын мәнінде қандай адам екенін, оның барлық әлсіздіктерін және оның ұлылығын, оның күнделікті барлық ұсақ мұқтаждықтарын және оның барлық рухани талап-тілектерін білуге тырысу керек.
К.Д.Ушинский.

Егер мұғалім өз бойында іспен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский.

Біз адамды тәрбиелеуші жалғыз ғана мұғалім емес екендігін түсінеміз. Адамның мұғалімдей, тіпті онан да күштірек байқаусыз тәрбиешісі бар. Олар: табиғат, семья, қоғам, халық, оның тілегі.
К.Д.Ушинский.

Мүғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Д.Ушинский.

Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз.
Сенека.

Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаздың мерейі үстем.
Э.Хаббард.

Үйрет те, ізгілікке үйрен.
Фалес.

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келген кісі уақытты босқа шығындайды.
Демокрит.

Өзінің не істейтінін біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады.
А.С.Макаренко.

Игі өнеге қиын ерлік жасауды жеңілдете түседі.
И.Гетте.

Қашан да болсын адамның жақсы жақтарын жобалау қажет, педагог осылай етуге міндетті.
А.С.Макаренко.

Тәрбиенің мәні аға ұрпақтың өз тәжірибесін, өз құштарлығын, өз сенімін жас ұрпаққа жеткізуі болып табылады.
А.С.Макаренко.

Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол – дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық.
А.С.Макаренко.

Мұғалімнің міндеті – жеке біреуді адамгершілікке өсиеттеу емес, коллективтің дұрыс өсуіне орынды және даналық түрде басшылық ету.
А.С.Макаренко.

Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс. Өзінің не істейтінін біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады.
А.С.Макаренко.

Педагог – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам.
А.В.Луначарский.

Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын күнделігіне жазып отыру керек, оған бақылаудағы кейбір байқағандарын, оқушылардың қырын танытатын жағдайларды, олармен әңгімесін, оқушысының алға басуын жазып, әртүрлі жастағы балалардың бәрінің басында кездесетін дағдарысын немесе бет бұрыс жағдайларына талдау жасап, жазып отыруға тиіс.
А.С.Макаренко.

Тәрбиелеушінің өзі – ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуы тиіс.
М.П.Драгоманов.

Оқытуда электронды – есептеуіш машинаның қажеттілігі оқытушыны ауыстырады да ойлауға негіз бермейді. Тәрбиелеу мен білім беру процесінде адам әрқашан алдыңғы сапта болады.
А.И.Берг.

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді.
Г.Лихтенберг.

Игі өнеге қиын ерлік жасауды жеңілдете түседі.
И.Гете.

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ы.Жақаев.

Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Беделдің келуі қиын, кетуі оңай.
Ы.Жақаев.

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
М.Ғабдуллин.

Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті де, салмақты, сыпайы да, әдепті, кішіпейіл болуға, таза киініп, таза жүруге тиісті.
М.Ғабдуллин.

Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимылдың – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Я.А.Коменский.

Я, шын мәнінде мұғалім болу үшін, бұл сөздің толық игілікті мәнісін анықтау үшін өте көп нәрсе керек.
Н.А.Добролюбов.

Мұғалім – оқушы үшін ең жоғарға адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Н.А.Добролюбов.

Адамгершілік сенім жоғалысымен, сол сәтті-ақ мұғалімнің сөзі өз күшін жояды.
Н.А.Добролюбов.

Мұғалім ұқыпты, шын мәніндегі өнегелі ұстаз тәрбиеші бола білуі тиіс. Ақыл – парасатты, қажырлы, өтірік айтпайтын, қолайсыз іске бармайтын, дүниеқоңыздыққа салынбайтын, өз нәпсісін тиып ұстайтын адал да, шыншыл адам болуы тиіс.
В.Н.Татищев.

Денені шымырландырудың, ерік – қайратты шыңдаудың, ақылды алғырландырудың, ойды салмақтандырудың жолын білсең, сен тәрбиешісің.
Ш.Летурно.

Егер де басқаны өзің арқылы тәрбиелейтініңді түсінсең, онда тәрбие мәселесі оңайланып, өзім қалай өмір сүруім керек деген бір-ақ мәселе қалады.
Л.Н.Толстой.

Әрбір бала қитын біздің елімізді ұстаз деген – ең бірінші адам. Біздің балаларымыздың, халқымыздың болашағы ұстаздың қолында, оның асыл жүрегінде. Біз оны көшеде көргенде, оның құрметіне 50 метрден бөркімізді алып, тәлім етуге тиістіміз.
А.А.Фадеев.

Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келетін болса, онда ол алдымен сол адамды барлық жағынан біліп алуға тиіс.
К.Д.Ушанский.

Шәкірт болып көрмеген –ұстаз болып жарытпас.
Боэций.

Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сөзімде жатыр.
Р.Эмерсон.

Мұғалім –зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушанский.

Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығудан тұрады.
Ж.Ж.Руссо.

Нағыз шәкірт белгілінің көмегімен белгісізді дамытуды үйренеді де, сол арқылы ұстазына таман жақындай түседі.
И.Гете.

Тәбиедегі басты мәселе –тәрбиешінің кім екендігінде.
Д.Писарев.

Егер ұстаз өз ісінде , шәкіртін де жақсы көре білсе, ол –нағыз ұстаз.
Л.Толстой.

Тәрбие ұлы іс:онымен адам тағдыры шешіледі.
В.Белинский.

Өз ісімен неге үйрететінің көрсете білген адам –нағыз ұстаз.
Катон.

Тәрбиелі –тәртіптің құлы,
Тәртіпті –елдің құлы.
Б.Момышұлы.

Тәртіп көрген адам бала күнінде, өнермен қуандырар түбінде.
Ж.Баласағұн.

Жақсы тәртіп әдетке айналса –ырыс.
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғ.Мұстафин.

Тәртіптің ең тамаша мектебі –отбасы .
С.Смайлс.

Баланың жақсысы –қызық , жаманы күйік.
Абай.

Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин.

Ата-бабасын сыйламау –азғындықтың белгісі.
А.С.Пушкин.

Баланың жақсысы -әкемен шешенің ары, ата-ананың абыройы , жаманы-қайғысы, азап соры .
В.А.Сухомлинский.

Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.
Ж.Ж.Руссо.

Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау –инабаттылықтың көрінісі.
Ғ.Мұстафин.

Өнер де , даналық та, егер оны үйренбесе, қолға түспейді.
Демокрит.

Үйренгісі келмеген адамнан ешқашан да нағыз адам шықпайды.
Х.Марти.

Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.

Отаншылдық-ең ізгі сезім.
Л.Н.Толстой.

Кімнің ұяты жоқ болса , соның иманы жоқ.
Абай.

Мәдениет неғұрлым жоғары болған сайын, еңбек соғұрлым жоғары бағаланады.
В.Рошер.

Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.
Гораций.

Еңбек адамдар үшін бақыт болып табылады.
Эзоп.

Жұмыс -өмірдегі басты нәрсе.Барлық сүйкімсіз, пәле -қырсық атаулыдан бір ғана еңбек арқылы құтылуға болады.
Э.Хэшингуэй.

Адал еңбек еткеннің көңілі шат.
Ә.Науай.

Жалқаулықтан өткен жексұрын кемістік жоқ.
С.Бронд.

Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.
Л.Н.Толстой.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Абай.

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ,
Күшіңе сенбе , адал ісіңе сен.
М.Әуезов.

Еңбек сүйгіштік адамның адамдық қасиетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Ш.Айтматов.

Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
Абай.

Сапалы және еркін еңбек қана адамды бақытқа кеңелтеді.
Еңбектенген әр минут –бір несібе.
Ғафур Ғұлам.

Адамның ісі қандай болса өзіде сондай.
Г.Гегель.

Отаншылдық –ең ізгі сезім.
Л.Н. Толстой.

Жерге тер төгіп , халыққа қан төгіп , қызымет етуден аянба!
Б.Момышұлы.

Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды.
Д.Байрон.

Өлмейтін қылмыс бар ,ол –Отанға опасыздық жасау.
П.Буост.

Өз Отанынан безінген адамдар сонысымен өзінің ар –ожданынан да безінеді.
Я.Голан.

Өмір- мен үшін бәрінен қымбат, махаббат- өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуінде құрбан етуге бармын.
Ш.Петефи.

Анық түсініктілік –сөйлеудің басты қасиеті,
Ақылы келген адамның, әдетте, тілі тым ұзын болады.
Аристотель.

Әдептілік алды –абайлап сөйлеу.
А .Жүгінекей.

Қанағат –табиғаттың төл перезенті.
Ә.Фараби.

Кім азды қанағат тұтса, сол бай.
К.Голодони.

Ақылды адам азғантайды қанағат қылып, бақытты өмір сүреді, ал ақымаққа бәрін берсең де аз.
Абай.

Түйе –жүктен , адам –ұяттан азап шегеді.
Сағди.

Өз кінәсін өзі мойындау –көргенді кісіге тән кіршіксіз сезім.
В.А.Сухомлинский.

Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
Абай.

Алдына келсе, әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан.
Ы.Алтынсарин.

Не әділ болса, сол мәңгілік.
Д.Ферарри.

Әділдік әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады.
Цицерон.

Адамның өз ар-ожданы алдындағы адалдығы, шыншылдығы -әділ, өзіне-өзі қастерлі, жүріс-тұрысы үлгілі болуынан.
Әл-Фараби.

Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ .
Р.Роллан.

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал адам бол.
Т.Фуллер.

Адал арың –ақ мамық жастығың.
Г.Ибсен.

Әділ адамның адамгершілік істері заңды жақтатпайды.
Меландр.

Қарапайымдылық –моралдық сұлулықтың басты шарты.
Л.Н.Толстой.

Қарапайымдылық дегеніміз -өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну.
П.Буаст.

Қарапайымдылық –ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де.
Т.Фонтане.

Кіші пейілділіктің жетімсіздігі дегеніміз -ақылдың жетімсіздігі.
А. Поп.

Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық –барып тұрған екі жүзділік.
Ф.Ларогинфуно.

Жасанды кіші пейілділік –жақсы қасиет емес.
Абай.

Өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу –ұлы бақыт.
М.М.Пришвин.

Қызғаншақтың көңілі күндеуден бір бос болмас.
Жұртты көрсе көңілді, өз көңілі қош болмас.
Мақтымқұл.

Тәкаппарлық қай тілде болса да, қасиетсіз сөз.
Тәкаппарлықты тәңір сүймес.
Қорқыт ата.

Кішілік пен ақ пейілділік –ұлылықтың белгісі.
Махмұд Қашқари.

Сабырлық –мінездің түп қазығы.
О. Бальзак.

Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыры –серігі.
М.Әуезов.

Сабын кірді ашады.
Сабырсыз сырды ашады.
А.Жүгінеки.

Жақсылықтан үміттенсең , сабыр ет.
А .Жүгінеки.

Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз.
Платон.

Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді.
М.Қашқари.

Өрге жүзген өнегелі ісіңмен
Адал дос тап тең ұұрбыңның ішінен.
Әл-Фараби.

Дүниеде адамның жалғыз қалғаны -өлгені , қайғының бәрі соның басында.
Абай.

Досы жақсының – өзі де жақсы.
А.Жүгінеки.

Адам өмірдегі ең тамаша нәрсе –оның басқа адамдармен достық қарым-қатынас.
Абай.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
М.Әуезов.

Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет.

Достық -өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш –сырыңды айтатын адамның болуы.
А .Мандзони.

Достық -өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрсада, дос -жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель.

Досы жоқпен сырлас.
Досы көпен сыйлас.
Абай.

Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады.
Ф.Бэкон.

Екі жүзді адамның жау болғаннан да, дос болғаны қауіпті.
Ж.Ж.Руссо.

Азап пен мехнатты адал махаббат жеңеді.
Ф.Шеллер.

Сүйіп көрмеген -өмір сүріп көрмегенмен бірдей.
Ж.Мольер.

Махаббат деген –қажеттілік пен сезімнің ұласуы.
О.Балзак.

Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Абай.

Пэзиялық, іңкәр махаббат –біздің өміріміздің , біздің жастығымыздың гүлі.
В.Г.Беленский.

Махаббатсыз тіршілікте мән жоқ.
И.Гете.

Достық пен махаббат –осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді.
Жан Поль.

Табиғат -әр беті терең мазмұнға толы біргей кітап.
И.Гете.

Егер орнына ештеңе салмай, таудың тасын ала берсең, күндердің күнінде тауда құлайды.
Рашид ад-Дин.

Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та адамға тәуелді.
Табиғат адамды тудырса, адам табиғатты жаңғыртады.
А .Фаранс.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА