07.11.2024

Шетелде басылған кітап қазақ мектептерінде емін – еркін сатылуда…

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің назарына!

12718184_896882477076590_3703164296662492571_nАлматы облысы, Қарасай ауданына қарасты «Қырғауылды ауылдық қазақ  орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне белгісіз адамдар бастауыш сынып оқушыларына келіп, директормен келісіп, мына кітапты бастауыштың балаларына тықпалап жүр. Бағасы – 2950 теңге. Барлығына қызықтырып, мультфильм көрсетіп, жарнама жасап, тіпті үйлеріне көруге беріп жатыр. «Жыртып, шимайлап әкелсеңдер, әйтпесе штраф төлейсіңдер», – дейді. Бұл кітап интернет арқылы жұмыс істейді екен. Балаларымыз интернеттен нені қарап отырғанынан бейхабар боламыз. Ал мына кітапты мектепке әкеліп, базар жасайтындардың тәртібін қарау керек! Психологиялық тұрғыдан балаларға да қатты әсер етуде. Ол кітап министрліктен тексеруден өтті ме, өтпеді ме, ол жағы бізге беймәлім! Осыны тексеріп, қадағалап, ақ – қарасын айырып берулеріңізді сұраймын.

Себебі, мектеп десе, мұғалім десе, сый – құрметпен қарайтын заман артта қалғалы қашан?! «Неге?» – деген сұрақ туындай қалса, жүректі ауыртып, жанды жаралайтын жауап аламыз.

12696187_1505308393111926_1572297114_nБала – қоғамның  кішкентай ғана қорғансыз бөлігі. Бүгін «кішкентай» деп отырған баламыздың ертеңгі  біздің жалғасымыз, еліміз бен жеріміздің қорғаушысы, иесі екенін де ұмытпағанымыз абзал. Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылдық қазақ орта мектебінде үстіміздегі жылдың  11 ақпан күні бастауыш сыныптар аралығында ағылшын тілінен белгісіз адамдар кітап саудасын жасап кетті. Ол сауда қалай жүргізілді, кітап қандай кітап? Бірінші немесе төртінші сынып оқушысына кітап бетіндегі ертегі кейіпкерін көрсетіп көріңізші, одан асқан қызық кітапты таппайсыз. Сыныптарға кіріп, (әрине, өтіп жатқан сабақты бөліп) балаларға кітапты жарнамалайды. Кітап интернетке байланған, яғни интернетсіз жұмыс жасамайтын кітап көрінеді. Интернетке қосылған кітаптың алғашқы бетін айдаһар жарып  кіреді. Әрі қарай кітап бетіндегі кодты суретке түсірсеңіз, әрбір бетін ашып, кітапты оқып береді. Ол үшін телефоныңызда «Play Store» бағдарламасы болуы тиіс. Егер интернетке кірсеңіз, кітаптағы әрбір сурет сөйлейді, қимылдайды. Осының бәрін түсіндіріп, көрсетіп жарнамалайды. Кітапты бүкіл оқушыға таратады. «Ертең 2950 теңге алып келіңіздер, болмаса кітапты қайтарып аламыз» – деп тапсырып кетеді.

12746490_1505308406445258_1140719483_nЕнді ойланыңыз! Біріншіден, 6 – 10 жас аралығындағы балаларға ертегі кейіпкерінің қызықты қимылын, іс – әрекетін көрсетіп тұрып, қолына кітапты бердіңіз. Ол баладан кітабыңызды қалай қайтарып аласыз? Елімізде дағдарыс басталды. Тамақ таппай отырған отбасылар көп. Жақсы өмір сүреді деген отбасылардың өзі қалтылдап отырған шақ. Бірінші ақшасы бар ата – ана   суырып береді, екіншісі балам қатарынан қалмасын деп көршісінен қарыз алып береді, үшіншісі баласына жағдайды түсіндіріп әлек. Ата – ана мен бала арасында түсінбеушілік туындауы да мүмкін. Біз бала кезіміздегі қолымыз жетпей кеткен қуыршақты әлі де армандаймыз ғой. Баланың жүрегінде ата – ана орындай алмаған бір тілек қалуы тағы да мүмкін. Жанындағы баланың, өзі қызығып қолы жетпеген ертегіге толы кітапты сатып алғанын көрген, сатып алу тұрмақ, тойып тамақ жей алмай жүрген баланың рухы түсері тағы да мәлім. Мектеп директоры бала психологиясын түсінбейтін болса,  неге ол орында отыр? Баланың жан дүниесімен ойнауға ешкімнің құқығы жоқ. Мектеп директорының бұл әрекеті  бала психологиясына әсер етуде.

Екіншіден, кітап Украинада жасалған  және ол интернетсіз жұмыс жасамайды.

12729238_896882487076589_5064697436101637861_nБасылды:  OAKLANDS  HOUSE, BOLTON, GREATER  MANCHESTER, BL64DT/UK Біріккен корольдігі, ал, баспа: ЖК «Юнисофт»: 61036, Украина, Харьков қаласы, Морозов көшесі, 13 – Б  үй делінген.

Украина не үшін қазақша – ағылшынша кітап басып отыр? «Кеден одағы аумағында таратушы» делінген.Украина кеден одағына кірмейді емес пе?

Бұл кітап неге жедел түрде таратылуда? Асықпай – ақ, кітап дүкенінің  сөрелерінде неге сатпайды.

Шетелден кірген кітаптар министрліктің тексеруінен өтіп, бекітіліп жіберілуі керек. Бұл кітапқа министрліктің рұқсаты берілді ме? Ол қазірше бізге беймәлім. Бір білерім, ата – ана ретінде кітап сертификаты маған көрсетілмеді. Бұл кітапты пайдаланған баланың интернет бетінен қазірше ағылшынша үйреніп, арадан екі ай өткеннен соң, басқа дүние көрмесіне кім кепіл? Бұл халқымыз бен мемлекетіміздің  тыныштығына қауіпті болмасын деп тілейік.

Үшіншіден, мектеп – мемлекеттік мекеме. Мектептен базар жасап, қызметін асыра пайдалануға ешқандай директорлардың құқығы жоқ. Мектеп базар емес, бала қуыршақ емес.

Қызым кітапты әкелген күні мен Қырғауылды мектебінің  директоры Қасымова Нағима Төлеубайқызына бардым. Мектепте бұндай жолмен кітап сату баланың психологиясына әсер ететінін айтып, кітапты жинап алуын сұрадым. Ол кісі  маған «сатып жатқан біз ғана емес, Қарасай ауданының барлық мектептері», – деп, ақыл – кеңес  айтып  қайтарды. Басқа мектептердің ұстаздары мен ата – аналарына хабарласып сұрастырып едім, бұл кітап, шындығында да, жалғыз бір мектепте емес, Қарасай ауданының көптеген мектептерінде сатылып жатыр екен. Атап айтар болсам, Ушинский атындағы орта мектеп, Байжанов атындағы орта мектептер. Мен  білмейтін тағы қаншама мектеп барын кім білсін?! Қарасай аудандық Білім бөлімінің маманы Саусақбаев Дәурен Болатұлына қоңырау шалып, кітап туралы және балаға әсері болатыны туралы ескерте отырып, хабарладым. Ол кісі шара қолданатынын айтқанымен, ақпанның 12 – сі күні мектептерде сатылды, тарап кетті. Не болса да, тараған кітап балаларымыздың өмірі мен сезіміне әсер етпесе екен.

 Айман Сагидоллаева

Ата – ана

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА