ҰБТ туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде ҰБТ-ны жою туралы WhatsApp мессенджері және әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат ақиқат емес. Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ның алдында айтылған жоспар бойынша өтетінін және төменгі шектік деңгейден өте алмаған түлектерге тестілеуді екінші рет тапсыруға мүмкіндігі берілетінін растаймыз, – делінген.
Қырағылық көрсетіп, ҰБТ-ны жою бойынша таратылған ақпараттың ақиқат емес екендігін таныстарыңызға хабарлап, ресми ақпаратты барынша таратуды сұраймыз.