22.11.2024

ҰБТ нәтижесін қалай көруге болады?

ҰБТ өткізудің бірінші күні Ерлан Сағадиев 4 тестілеу өткізу пунктінде болып қайтты, – деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігі баспа сөз қызыметі.

Ерлан Сағадиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып қайтты.

Министр ұлттық тестілеудің ұйымдастырылуы мен өткізілу барысымен танысты. Сонымен қатар, Ерлан Кенжеғалиұлы ата-аналармен, түлектермен әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап беріп, көп мәселелерді түсіндірді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде министрдің болып қайтуы университетті 50 жыл бұрын бітірген түлектердің кездесуіне дәл түсті. Жиналғандарға министрмен кездесу жағымды әсер қалдырды.
Е. Сағадиев ҰБТ ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейіне оң баға беріп, тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қолға алынған іс-шаралардың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Сонымен қатар министр Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізуге қатысы бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің өзара келісілген іс-қимылдарын атап өтті.

ҰБТ еліміздің барлық өңірлерінде 2016 жылдың 2 маусымы мен 10 маусымы аралығында өтеді. Бұл мақсатта арнайы жабдықталған 165 пункт құрылды. Орталық және жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік комиссиялар тарапынан ҰБТ сәтті өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Тесттік тапсырмалар базасы әдеттегідей жаңартылған.
115 пункт аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттарында, 50 пункт облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларындағы ЖОО-да орналастырылды. Барлық пункттарда мемлекеттік комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ҰБТ өткізілетін аудиториялардың жалпы саны – 1114.
Биылғы ҰБТ маңызды айырмашылығы – оған қатысушы түлектердің жоғары білім алуға мүмкіндік аясының кеңеюінде. Ағымдағы жылдан бастап, алғашқы рет нәтижесінде 50 балл деңгейіне жетпей қалған түлектер биылғы тамыз айында оны кешенді тестілеуде қайта тапсыруына (ақылы негізде) мүмкіндік беріледі.
2016 жылы ел мектептерін 121 092 түлек бітіреді. Оның 83 330 қазақ, 37 762 – орыс тілді мектептерде білім алған. ҰБТ өтуге 86 991 адам өтініш білдірді. Бұл биылғы мектеп түлектерінің жалпы санының 72% құрайды (63021 – қазақ, 23970 – орыс тіліндегі оқытатын мектептердің түлектері).
ҚР БжҒМ орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен келісті іс-қимыл жүргізіп, өзара тиімді әрекеттесу мақсатында 1815 маман бөлді (әр аудиторияға 1 маманнан кем емес).
Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ҰБТ үйлестіру және өткізу жөніндегі штабтар ұйымдастырылды. Оның басты функцияларының бірі – түлектер мен олардың ата-аналарының арыз-тілектеріне жедел әрекет жасау. ҚР БжҒМ жанында Республикалық штаб жұмыс жасап жатыр.
ҰБТ нәтижелері құпия ақпарат санатына жатқызылғандықтан, оған тек жеке сәйкестендіру номерлері (ЖСН) бойынша ғана алуға болады. Тестілеу нәтижелерінің тізімдеріндегі түлектердің аты-жөндері орнында ЖСН цифрлары көрсетіледі. Сонымен қатар, ҰБТ нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында www.testcenter.kz жарияланады. Аталған сервиске қол жеткізу үшін ЖСН немесе түлектің емтихан басталар алдында алған жеке кодын енгізу қажет.

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА