Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күні өткізілді.
2-8 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 83824 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61535, орыс тілінде – 22289 бітіруші.
Тестілеу жетінші күні 3 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің жеті күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады:
– Маткалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қ.;
– Меирханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;
– Оспанова Рамзия Рамазановна, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;
– Мухаметкали Еркежан Досенқызы, №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы, Алматы қ.;
– Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей, Алматы қ.;
– Беркинова Акнур Нурболовна, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;
– Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қ.;
– Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп-лицей, Астана қ.;
– Исмаилова Дана Суюндыковна, Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар обл.;
– Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;
– Усин Адиль Куатович, Қызылқақ мектебі, Павлодар обл.;
– Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қ.;
– Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
– Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қ.;
– Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
– Түгелбай Фариза Абайқызы, «№178 лицей» (Алматы қ.);
– Әбішев Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ – түрік лицкей-интернаты, Жезқазған қ.;
–Асан Ақтолқын Болатқызы, Д.И.Менделеев ат.№15 мектеп-лицей, Шымкент қ.;
–Турдиева Мерей Хайроллақызы, үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-иетернаты, Шымкент қ.
Тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
– ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;
– емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;
– сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші;
– тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:
№ |
Лек күні |
Өтініш саны |
ҰБТ-ға қатысты |
Конкурс пәндері бойынша 50 баллдан төмен алғандар |
Бес пән бойынша 100-ден жоғары |
Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар |
||||||||
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
барлығы |
қаз |
орыс |
|||
1 |
02.06 |
18599 |
13349 |
5250 |
17934 |
13026 |
4908 |
2274 |
1615 |
659 |
3834 |
2811 |
1023 |
480 |
2 |
03.06 |
19802 |
14189 |
5613 |
19224 |
13970 |
5254 |
3302 |
2343 |
959 |
3246 |
2275 |
971 |
709 |
3 |
04.06 |
22021 |
15533 |
6488 |
21185 |
15190 |
5995 |
3945 |
2776 |
1169 |
4273 |
3106 |
1167 |
857 |
4 |
05.06 |
14214 |
9811 |
4403 |
13662 |
9591 |
4071 |
2494 |
1727 |
767 |
2865 |
2059 |
806 |
568 |
5 |
06.06 |
6339 |
5279 |
1060 |
6153 |
5168 |
985 |
1121 |
907 |
214 |
1255 |
1037 |
218 |
322 |
6 |
07.06 |
3900 |
2926 |
974 |
3832 |
2887 |
945 |
652 |
487 |
165 |
822 |
679 |
143 |
129 |
7 |
08.06 |
86718 |
62800 |
23918 |
83824 |
61535 |
22289 |
14240 |
10259 |
3981 |
16506 |
12164 |
4342 |
119 |
Барлығы |
86718 |
62800 |
23918 |
83824 |
61535 |
22289 |
14240 |
10259 |
3981 |
16506 |
12164 |
4342 |
3184 |
|
% |
100 |
72,419 |
27,581 |
96,663 |
73,41 |
26,59 |
16,988 |
72,044 |
27,956 |
19,691 |
73,694 |
26,306 |
|
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
Тестілеудің алты күнінде (3-8 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 539 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 138 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің жеті күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,16%-ын құрайды.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
Қазбілім порталы