07.11.2024

ҰБТ-2016 жалпы қортындысы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің қағидаларына және Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес ҰБТ 2 – 9 маусым аралығында өткізілді, – деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігі баспа сөз қызыметі.

Тестілеу республиканың барлық облыс және басым көпшілігі аудан орталықтарындағы 165 тестілеуді өткізу пунктерінде өткізілді. 

Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61739, орыс тілінде –  22340 бітіруші. 

Тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 баллды 14252 түлек (16,95%), оның ішінде қазақ тілді оқыту бойынша 10267, орыс тілді оқыту бойынша 3985 оқушы жинай алмады.

Бес пәннен 100 баллдан жоғары жинаған түлек саны – 16565. выпускников. Мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады.

Тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды және нәтижелері жойылды.

Тестілеудің барлық 8 күні бойынша (3-10 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 547 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 141 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің сегіз күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,14%-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:

–        әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;

–        техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі баллды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.

kazbilim.kz 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА