22.11.2024

Республика ұстаздарының «АҒАРТУШЫ» қоғамдық қозғалысы құрылды

Қазіргі кезде қордаланып отырған білім мәселесі кім-кімді болса да бей-жай қалдырған емес. Десек те білім саласындағы түрлі реформалар, жемқорлық тағы да басқа толып жатқан проблемалар  мұғалімнің еңсесін баса түспесе көтерілген жоқ. Өзгенің бақытын аялап, өзінің баласына қарауға мұршасы  жоқ  мұғалімнің мәртебесін көтеру, оларға көмек қолын созу үшін 855Республикалық мұғалімдердің «Ағартушы» қоғамдық қозғалысы құрылып, құрылтайшылары бекітіліп төрағасы  болып мұғалімдердің проблемасын көтеріп жүрген Өмір Шыныбекұлы сайланды. Ол кісі  Шымкент қаласындағы №41 мектептің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 1-деңгейлі сертификат иегері (Кембридж технологиясы), «Білім беру ісінің үздігі», Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Бұғанға дейін мұғалімдер арасындағы бірнеше дау-дамайды шешуге атсалысқан.   

Негізі қозғалыстың басты мақсаты —  БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ. Жемқорлықпен, білім саласындағы келеңсіздікпен күрескен мұғалімдерге көмек көрсету, қадағалау, тиісті орындарды құлақтандыру, басты назарда ұстап БАҚ құралдары арқылы тарату.

Мұғалімдер мен ата-аналардың құқықтық сауатын ашу, құқықтық көмек беру, қолдау көрсету, құқық пен міндеттің қатар жүретінін ұғындыру.
Ұстаздардың шығармашылығының және белсенділігінің дамуына қажетті жағдайлар туғызу, олардың құқықтарын қорғау қозғалыстың негізгі мақсаттарының бірі.

Бұл мақсаттарға жету жолында Қозғалыс  ұстаздар арасындағы шығармашылықты қолдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына мемлекеттен және демеушілерден қаражат тауып беру, мұғалімдер арасында қоғамдық пікір қалыптастыру (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да),  азаматтық қоғам және құқықтық мемлекетті дамытуда ұстаздар бойында белсенді ұстанымдық бағытқа тәрбиелейді. Сонымен бірге  ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қарастыру,  мемлекеттік атқарушы және өкілдікті органдармен әлеуметтік әріптестік орнату, ұстаздар, балалар және ата-аналардың құқығының орындалуын қадағалау,  қоғамдағы түрлі әлеуметтік-саяси проблемаларды, сондай-ақ ұстаздар мәселелерін әлеуметтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады.

Мұғалім беделін көтеру, ұстаздардың озық тәжрибелерін насихаттау және ұстаздардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, интелектуалды ұлт қалыптастыратын білім бағдарламаларын дайындайды.

Мұғалімнің қоғамдағы беделін көтеру бағытындағы түрлі әрекеттер мен шараларды жүзеге асыру және осы бағытта мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасай отырып  экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда мұғалімдер құқықтарының бұзылуы оқиғаларын жоюға әрекет жасау және қажетті жағдайда көпшіліктің, мемлекеттік органдар мен әлемдік қауымдастықтың назарын аударуға күш салады.

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында мемлекеттік органдарға ұсыныстар беру және осы бағыттағы заң жобаларының әзірленуі мен қабылдануына ат салысып,  жалпы азаматтық рухани игіліктердің өріс алуына қамқорлық жасайды.

Қазіргі кезде белең алып отырған  мұғалімдер мен қоғам проблемаларын зерттеу,  тұрғындардың интеллектуалдық дамуы туралы бастамаларын қолдап, Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиелеуді насихаттау және құқықтық нигилизмді жою іс-шараларын жүзеге асырады.

Адам, оның құқықтары, бостандықтары және мүдделері- құқықтық мемлекеттің жоғарғы қазынасы ретіндегі құқықтың қорғалуының міндеттілігін насихаттап,  құқық қорғаушы қызметін жүзеге асыра отырып, мұғалімдердің  Конституциялық құқықтары, бостандықтары және мүдделерін қорғайды.

Заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын жүзеге асыруға ат салысып, бірлестік құру мақсаттарына орай Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, нығайтады.

Қозғалыс негізгі осы бағыттарды негізге ала отырып жұмыс жасайтын болады.  Жұмыс барысында интернет әлеуметтік желісін де белсенді пайдаланып, Қазақстанның әр облысынан қозғалыстың жеке топтары да жұмыс істейтін болады. Ол мұғалімдердің құқығының тапталуына, жемқорлықтың алдын алу, немесе болған факторға байланысты жекеленген белсенді мұғалімдердің құқығының тапталмауына, жұмысының сақталуына қадағалау жасайтын болады.

М. Темірбеков

«Ағартушы» қоғамдық қозғалысының мүшесі

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА