22.11.2024

ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП БІТІРУ ЕМТИХАНДАРЫ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

Бүгін Білім және Ғылым министрлігі ұлттық біріңай тестілеу және мектеп бітіру емтихандары жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатын өткізді. Баспа сөз маслихатында айтылған мәселелер туралы толық мәлімет бере кеткенді жөн көрдім.

1. Мектеп бітіру емтихан туралы

Мектеп бітіру емтиханы 5 пәннен тапсырады. Емтихан 29 мамыр мен 9 маусым арасында жүгізіледі.

1) Қазақ тілі мен әдебиетінен еркін тақырыпта 250 сөзден тұратын ессе жазады. Жазу уақыты 3 сағат. Эссе әдеби тақырыптарда беріледі, ол шағын көлемдегі прозалық шығармалар немесе оқушының өзінің жеке ойын білдіретін еркін тақырыпта жазылады.

2) Алгебра жəне анализ бастамалары пәнінен бес тапсырмадан тұратын бақылау жұмысы. (жазбаша емтихан). Оған бес астрономиялық сағат беріліп отыр. апсырмалары математикалық фактілерді, түсініктерді, тәсілдерді, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешуге арналады

3) Қазақстан тарихы пәнінен 3 сұрақтан тұратын ауызша емтихан. Екі сұрақ Қазақстан тариxының теориясын қамтитын болса, үшінші сұрақ шығармашылық сұрақ болады. Ол кезде картамен, т.б мен жұмыс істеу керек.

4) Орыс тілінен тест. Оған 80 минут беріледі. 40 сұраққа 40 ұпай беріледі. Мұнда 10 сұрақ тыңдалым, 20 сұрақ граматика, 10 сұрақ оқылым.

5) Таңдау пәні. Таңдау пәнінен 30 тест, оның жартысында бір жауабы, жартысында екі немесе үш жауабы дұрыс. Жалпы 60 балл.

Ескерту. Тест арқылы тапсыратын екі пән бір күнде болады. Сұрақтарды дайындау ұлттық біріңғай тестілеу орталығы жүргізеді. Алтын белгі осы емтихан нәтижесінде анықталады.

2. Ұлттық біріңғай тест

Бұл талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсу және мемлекеттің грантті бөлу үшін жүргізіледі.

Бұл 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі. Оқушы бес пәннен екі күн тапсырады. Бірінші күні міндетті үш пән, екінші күні екі таңдау пәнінен тапсырады.

Міндетті пәндер:

1) Оқу сауаттылығы

2) Математикалық сауттылық

3) Қазақстан тарихы

Бұлардың барлығы жеке жеке 20 тесттен тұрады жалпы 60 тест, жалпы ұпай 60 бал. Ал таңдау пәні екі пән, әр қайсысы 30 тесттен тұрады, жалпы 60 тест, бұның ішінде жартысы бір жауабы дұрыс, жартысының екі немесе үш жауабы дұрыс тест, немесе сәйкестендіру сұрақтары. Жалпы ұпайы 80 бал.

Ескерту, колледж бітіргендер тек екі таңдау пәнін ған тапсырады. Осы тесттер нәтижесінде оқушы жоғары оқу орнына түсе алады. Ұлттық тесттің жалпы балы 140 балл!

Барша түлектерге сәттілік тілейміз! Дайындығы мықты оқушыға әрқандай емтихан кедергі келтірмейді.

Респбуликалық «KAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжан.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА