22.11.2024

Биыл гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін ұлғаяды.

Биыл гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін ұлғаяды, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысының педагогтарымен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Қазбілім порталы тілшісі «ҚазАқпарат» -қа сілтеме жасай отырып.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды  түсіндіру мақсатында Ақмола облысына келген ақпараттық-насихат тобының мүшесі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Көкшетауда облыстың әр өңірінен жиналған 80-нен астам ұстазбен кездесті. 

Кездесуде министр ҰБТ форматының өзгеруіне байланысты өткен жылы 17 мың түлектің жоғары білім алуына мүмкіндік алғанын атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы да ЖОО бөлінетін гранттын көлемін арттыру көзделгені сөз болды.

«Бакавалариатқа бөлінетін гранттың көлемін 31 мыңнан 36 мыңға дейін, магистранттар 7 мыңнан 10 мыңға дейін және PhD екі есеге дейін ұлғаяды», деді министр.

Сонымен қатар, Ерлан Сағадиев өткен жылы еліміз бойынша барлығы 75 мың мұғалімінің жаңа мазмұн бойынша оқығанын айтты. «Электронды күнделік» жүйесі еліміздегі мектептердің 50 пайызына енгізіліп отыр. Жаңа жүйе мұғалімдерге «онлайн» режимде баға қоюға, ата-аналарға  балаларының үлгерімін бақылауға мүмкіндік бермек. Қазірдің өзінде елімізде 770 мың ата-ана  осы жүйені пайдаланады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА