Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар:
- М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.
- Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.
- І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.
- М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.
- Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазыңыз.
- С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.
- С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.
- Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.
- С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.
- С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап жазыңыз.
- Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.
- Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.
- Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
- С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
- Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында Арал теңізі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.
- Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегіавтор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
- Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.
- С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
- Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
- О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.
- Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.
- Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
- «Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз.
- Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
- Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.
- А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
- Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.
- Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
- Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
- Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
- Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
- Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз.
- Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
- Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз.
- Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дәлелдеп жазыңыз.
- Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз.
- Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
- М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
- Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
- «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін…»
- Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)
- Табысты болу – адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі.
- Ұлттық болмысты сақтау – рухани жаңғырудың ең басты шарты.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар:
- Махамбет жырларында Исатай бейнесін сомдаудағы ақынның тіл шеберлігін мысалдар арқылы талдап жазыңыз.
- Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігін сипаттап жазыңыз.
- Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
- А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.
- С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайға тән қасиеттерді қазіргі жастардың бойындағы мінез-құлық, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
- С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
- Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы адамдар арасындағы тартыстың әлеуметтік тартысқа ұласуын дәлелдеп жазыңыз.
- Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
- Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз.
- О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дәлелдепжазыңыз.
- М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дәлелдеп жазыңыз.
- Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дәлелдеп жазыңыз.
- І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазыңыз.
- Зар заман ақындарының шығармаларынаарқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз.
- Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз.
- Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз.
- «Таныстыру» поэмасының желісі арқылы Сұлтанмахмұттың қазақтың оқыған зиялылары туралы көзқарасын дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз.
- Ә. Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы өмір, уақыт, жаңа адам туралы философиялық толғанысын талдап жазыңыз.
- Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы мен батырлар жырындағы өзара үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.
- С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
- Махамбет поэзиясындағы арман, тілек, аңсау сарындарын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- «Жамбыл мен Құлмамбет айтысының» идеялық-мазмұндық жағынан айтыстың ерекше түрі екенін дәлелдеп жазыңыз.
- Ш. Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман келбетін салыстыра талдаңыз.
- Майлықожаның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі табиғат пен адамзат тіршілігінің бейнеленуін мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- Майлықожа өлеңдерінде көтерілген мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отырғанын мысалдар арқылы дәлелдеп жазыңыз.
- Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз.
- А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз.
- Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
- З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі М.Әуезовтің ұстаздық бейнесін сипаттап жазыңыз.
- А.Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының адамдарға үйрететін тағылымы туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
- Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.
- Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз.
- Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
- Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз.
- М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы қазақ қызының рухани өміріне қатысты оқиғаларды талдап жазыңыз.
- Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды дәлелдеп жазыңыз.
- С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
- М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
- Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
- Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы адалдық сезімге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
- М.Мақатаевтың «Ару-ана» поэмасындағы Құрман ұмтылған бақыттың – бостандық екендігін дәлелдеп жазыңыз.
- Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз.
- Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
- Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
- «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін…»
- Астана – асыл мұраттар мекені(Астананың 20 жылдығына орай).
- Табысты болу – адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі.
- Ұлттық болмысты сақтау – рухани жаңғырудың ең басты шарты
Тақырыптар тізімі. Ұлттық тестілеу орталығы сайтынан алынды.