07.11.2024

Заңсыз ақша жинаған мұғалімдерге қайда шағымдануға болады?

Елорда қаласының Білім басқармасы білім мекемелерінде ақша жинау фактілерін болдырмауға бағытталған акцияны іске қосты, деп хабарлайды Қазбілім сайты Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Алым-салыққа жол жоқ шарасы «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен жоба.

«Егер білім беру мекемелерінде заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз 55-68-83, 55-68-73 телефон номерлеріне хабарласуды сұраймыз», – деді Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, қала мектептерінің қажеттілігі үшін бюджеттен 149 атау бойынша қаржы бөлінеді. Оның ішінде әкімшілік персонал үшін кеңсе заттары (бор, табельдер, мақтау қағаздары және т.б.), санитарлық тазалықты қамтамасыз ететін заттар, сантехникалық жабдықтар, спорттық тауарлар (доп, торлар, қанаттар және т.б.), құрылыс материалдары бар.

Ал балалары балабақшаға баратын ата-аналар ай сайынғы төлемнен бөлек, келесі заттарды өз қаражаттарына сатып алулары тиіс: кеңсе заттарын (ермексаз, қатты қағаз, түрлі-түсті қағаз, қарандаштар, бояулар, фломастер, альбом, қайшы, желім және т.б); жұмыс дәптерлерін (жоғары және даярлық топтары үшін). Бұдан бөлек, кезекшілік және демалыс күндергі топтар үшін, дамыту және білім беру үйірмелері үшін ақы ата-ананың қалауы бойынша төленеді.

Еске салайық, 2018 жылдың 28 тамызында Астана қалалық Білім басқармасының ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салынатыны туралы бұйрығы шықты. Бұйрықтың орындалуына бақылауды Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзі жүргізбек.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА