23.11.2024

Білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы сарапшылары Астанада кездеседі

 2018 жылдың 7-12 қазан аралығында Астана қ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әлемнің 47 мемлекетінен келетін Білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық ассоциациясы IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) (Ары қарай IEA) өкілдерін күтуде. Кездесу барысында 9-қазанда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжегалиұлы Сағадиев мырза және IEA бас директоры Дирк Хастед мырза білім берудің өзекті мәселелері жайында өз ойларын білдірмек. Др.Хастед Астанадағы IEA мүшелерімен Бас Ассамблеяда кездесуді асыға күтетінін және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің көмегімен өткізілетін бұл отырыс білім беруді зерттеу және бағалау сарапшыларының керемет жиыны болмақ екендігін айтты.

2017 жылы Қазақстан IEA Бас Ассамблеясының 59-шы съезін өткізуші мемлекет ретінде таңдалды. Осыншама ауқымды іс-шара Орталық Азияда алғаш рет орын алмақ. IEA бастауыш және орта білім берудің сапасын халықаралық бағалаудың тиімді құралы, әрі мемлекеттік білім беру саясатын нығайту бойынша ұсыныс жасауға негіз болатын TIMSS, PIRLS, ICILS, ICCS, LaNA секілді халықаралық зерттеулерді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта IEA мүшелеріне 67 мемлекет және білім беру жүйесі кіреді.

IEA Бас Ассамблеясында IEA сарапшылары ағымдағы және алдағы жобаларды және білім беру жетістіктерін бағалау технологияларын талқылау, зерттеу нәтижелерін қолдану бойынша тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттерді қолдау және IEA зерттеу институттары ара-қатынасын нығайту мақсатында жиналады..

Бұл іс-шараны өткізу мүмкіндігіне Қазақстанның TIMSS математика және жаратылыстану білім сапасын бағалау зерттеуінің үш кезеңіне (2007, 2011, 2015) қатысуы да септігін тигізді. Осылайша, TIMSS-2015 бойынша Қазақстандық 8-сынып оқушылары Канада және Ресей секілді мемлекеттермен сәйкес нәтиже көрсетіп, алдағы 10 үздіктер қатарына енді. 2016 жылдың сәуір айында еліміз 4-сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын халықаралық зерттеуіне (PIRLS) қатысып, 27-орынға ие болды. Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалауға бағытталған, жаңа форматтағы ICILS зерттеуіне қатысып, 2020 жылы жарияланатын ұлттық есепті дайындауда.

Өту орны және уақыты: 9 қазан сағ. 08:45-10.30, Отель Ritz Carlton, Үлкен конференц зал,

Аккредитация үшін: pressa.edu@gmail.com
Арман 87027259713, Перизат 87787008493, Маржан 87024480838.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА