22.11.2024

Қазақстандық чаттарда білім жүйесіне қатысты жалған ақпарат таратылуда

 Қазір әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде (Whats App және т.б.) “Ұлыбритания мектептері кеңестік білім жүйесіне көшуін аяқтады” деген  тақырыпта жалған ақпарат таратылып жүр.

Мақалада Кеңес өкіметі білім беру жүйесінің батыстық жүйеден артықшылығы жайлы айтылған.

Ақпаратты фактчекинг арқылы тексеру барысында материал Ресейдің “Сатирикалық “Панорама” басылымының” кезекті фейкі екендігі анықталды. Американдық сайттарда да мұндай ақпарат таратылмаған. “Сатирикалық “Панорама” басылымы” – юморлық фельетон-жаңалықтар сайты. Олар мақсатты түрде халықты адастыруға бағытталған ақпараттар жазады. Бастапқы беттің төмен тұсында “Ескерту” бөлімі орналастырылған. Онда сайт авторлары былай деп мəлімдейді: “panorama.pub сайтында келтірілген материалдардың барлығы ерекшеліксіз сатира, əрі ойдан құрастырылған”.
Құрметті оқырмандар! ҚР БҒМ баспасөз қызметі сенімсіз ақпарат көздеріне сенбей, ақпараттық кеңістікте абай болуларыңызды сұраймыз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА