22.11.2024

Пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды – Ақмола облысы

Ақмола облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазбілім порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметі бойынша Көкшетау қаласындағы №18 мектепте өткен олимпиадаға өңірдің 17 ауданы мен Көкшетау, Степногор қалалары және дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектептен жиналған 400-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-ші орынға облыс орталығындағы «Инновациялық-білім» лицейінің оқушылары лайықты деп танылса, одан кейінгі 2-ші және 3-ші орындарды Көкшетау және Степногор қалаларының оқушылары өзара бөлісті.

Жалпы, облыстық олимпиаданың нәтижелері бойынша барлығы 163 жеңімпаз анықталды. Оның 32-сі І дәрежелі, 33 қатысушы ІІ дәрежелі, 98-і ІІІ дәрежелі дипломдармен, бұдан бөлек тағы 31 қатысушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде бірінші және екінші орын алған жеңімпаздар ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өтетін республикалық кезеңіне қатысады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА