22.11.2024

Біріккен Араб Әмірліктерінде оқушылар онлайн білім беруге көшірілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Білім және адам дамуы жөніндегі басқармасы мектеп оқушыларын онлайн оқытуға алғашқы лицензия берді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпараты.

Лицензия Dwight Global Online School мектебіне берілген. Бұл бастама «Дубай 10X» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Rahhal жобасының бір бағыты. Бұдан былай, БАӘ-де баланы онлайн оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туады. Алдын ала дерек бойынша, бұл дәстүрлі білім берумен салыстырғанда әлдеқайда арзан болады.

Білім және адам дамуы жөніндегі басқарманың Шығармашылық, бақыт және инновациялар бөлімінің басшысы Хинд Аль Муалланың мәліметінше, виртуалдық білім беру бастамасы тоғыз ай бойы сынақтан өткізіледі.

Дубайдағы Dwight Global Online School онлайн білім беруді 7-12 сынып оқушыларына ұсынып отыр. Онда онлайн режиміндегі сабақтар, виртуалды сыныптар, видео, алдын ала жазылған дәрістер бойынша оқыту, семинарлар және тағы басқасы қарастырылған. Онымен қоса, сабақтар күн сайын емес, аптасына екі-үш рет өтеді және әр семинар таспаға жазылып, кейін қайта көруге мүмкіндік болады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА