22.11.2024

Павлодар облысында оқушы саны аз мектептер жабыла ма?

Павлодар облысында оқушы саны аз мектептер жабылмайды. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті.

«Өңірде қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының айырмашылығын қысқарту және оқушы саны аз мектептердің мәселесін шешу басты мақсат болып отыр», – деп мәлім етті Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы Болат Бақауовтың айтуынша, облыс билігі ондай мектептерді жабуды мақсат етіп отырған жоқ.

«Мектеп жабылмайтындай етуге ұмтылу керек. Халық шоғырланған аудандардың, тіпті еліміздің басқа облыстарының тұрғындарын халық сирек орналасқан елдімекендерге көшіріп әкелу жұмыстарын жүргізу қажет. Егер ауылға бес-алты отбасы келсе, мектепте оқушы саны көбейе түсіп, мәселенің бәрі шешіледі», – дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, 30 қаңтар күні Павлодар облысы мектептерінің вакантты  директор лауазымдарына кандидаттар үшін алғашқы тестілеу басталады. Одан кейін үміткерлер қамқоршылық кеңесінің алдында мектепті дамыту жөніндегі болашақты жоспарын қорғайды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/pavlodar-oblysynda-okushy-sany-az-mektepter-zhabyla-ma_a3492348

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА