Астананың барлық мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Қазбілім Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
«Сергек» фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. «Біз мектептерге бейнебақылау камераларын орнату және оны «Сергек» жобасымен біріктіру жұмыстарын бастадық», – деді ол сөз баяндамасында.
Оның айтуынша, Астананың жолдары – еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың бірі. «Елордалық жүргізушілер тәртіпті бола түсті. Бұл, жол апаты көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Жобаның арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасындағы өлім екі есеге (60-тан 34-ке дейін) азайып, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20% төмендеді», – деп қосты спикер.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/astana-mektepterindegi-videokameralar-sergekke-kosylady_a3492715