22.11.2024

Мектеп киім үлгісі ұлттық дәстүрді негізге алуы керек – Сенат төрағасы

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі киім үлгілеріне қатысты пікір білдірді.

«Жастардың дінге байланысты қарым-қатынасы біздің назарымыздан тыс қалып жататын маңызды мәселелердің бірі. Қазақстан барлық дәстүрлі діндерге төзімділікпен қарайтын зайырлы мемлекет болып табылады және алдағы уақытта да солай бола беретіні анық. Әр үш жыл сайын елорда төрінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі барша өркениет өкілдерінің басын қосатын жаһандық деңгейдегі бірегей бастама. Еліміздегі әрбір жас азамат өзінің діни сенімінен тыс мемлекетке, оның заңдары мен нышандарына құрметпен қарауы тиіс», – деді Сенат төрағасы Жастар жылының мақсаттарына арналған дөңгелек үстелде.

Спикердің пайымынша, мектептердегі жүріс-тұрыс әдебі және киім кию үлгісі халықаралық тәжірибені, ең бастысы, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін негізге алуы керек.

«Шын мәнінде біз шетелден келген жалған діни стереотиптерді емес, ұлттық дәстүрлерімізді арқау етуіміз тиіс. Бүгінгі таңда діни сеніміне бола, балаларды білім алу мүмкіндігінен айырып, олардың білім көздерінен қол үзуіне мәжбүр болған жағдайлар орын алып отыр. Менің ойымша, бұл мәселеде әлі де толыққанды шешім табылған жоқ. Сондықтан осы күрделі мәселе жөнінде келісілген және орынды шешім табуы үшін Парламент пен Үкіметті бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Руслан Ғаббасов

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА