22.11.2024

Түркістан облысында үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі – Жансейіт Түймебаев

Түркістан облысында ағымдағы жылы 26 білім беру нысаны іске қосылады. Осылайша өңірдегі  4 апатты және 4 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ел алдындағы есептік жиыны кезінде айтылды.

Аймақ басшысының айтуынша, өткен  жылы білім беру саласына 250,3 млрд  бөлінген.  Осы қаражаттардың арқасында облыста жаңадан 120 бала бақша ашылып, жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары саны 1 399-ға жеткен.  Сондай-ақ, өңірде апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі де өз шешімін таба бастаған.

«Өткен жылы 20 млрд  теңгеге 80 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, 39-ның құрылысы аяқталды. Оның ішінде, 8 апатты және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді. Мәселенің оң шешім табуы оқушыларымыздың оқу үлгеріміне де оң әсер ететіні сөзсіз. Облыстық бюджет есебінен колледждерде балаларды тегін оқытуға 11,3 млрд  теңге бөлінді»,- деді Жансейіт Түймебаев.

Облыс әкімінің мәліметінше, адами факторды азайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін білім саласында электронды қызмет көрсету күшейтілуде. Мәселен, облыстағы барлық мектепке жұмысқа jumys.sitcen.kz сайты арқылы соңғы алты айда 3 мыңға жуық адам, оның ішінде 1336 мұғалім қызметке орналасқан. Ал, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау аутсорсингке беріліп, мектеп басшылығы мүлдем қатыспайтын болған. Қазір 1008 техникалық қызметкер жұмысқа орналасқан.

«Халық арасында “шапка беру” деп аталып кеткен жемқорлықты түбегейлі жоюды жалғастырамыз. Электронды жүйе арқылы балаларды бала бақша мен мектепке орналастыру үшін Balabagsha.sitcen.kz және mektep.sitcen.kz жүйесі жұмыс істейді»,- деді аймақ басшысы.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА