23.11.2024

Мектеп құрылысына қаражат бала санына қарай бөлінеді

2020 жылы мектеп құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада министрлік алқасының кеңейтілген отырысында хабарлады.

“Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мектеп құрылысына шамамен 60-70 млрд теңге бөлінеді. Алайда, мектептің орналасқан жері, оның елді мекенге қажет болуы, құрылыс құны сынды бірқатар өзекті мәселелер бар. Ұзақ талқылаудан кейін 2020 жылдан бастап, құрылыс пен күрделі жөндеуді қаржыландырудың жаңа тәсілдерін енгізуді ұйғардық. Сол 60 млрд теңге енді балалар санына қарай жалпы өңірге беріледі. Қаражатты алған өңір қайда мектеп салуды, қайда жөндеу жүргізуді өзі шешеді”, – деді Е. Сағадиев.

Министр осылайша бөлінген қаржының тиімді, жауапты жұмсалатынын және бақылаудың артатынын атап өтті.

“Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк қаражаты арқылы ауыл мектептеріне жабдықтар сатып аламыз. Бұл – өте үлкен бағдарлама және оған жете мән беру қажет”, – деп өз сөзін толықтырды министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА