07.11.2024

Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды

Қарағанды облысы Саран қаласының Балалар өнер мектебінің оқушылары Чехияда өткен «Пражские шедевры» халықаралық көп жанрлы байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чехияда өткен байқауға бірнеше елдің өкілдері қатысты. Дүбірлі додада Саран қаласының Балалар өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің «Үміт» домбырашылар ансамблі Гран-приді иленді. Жас шығармашылық ұжым қазақ халқының «Келіншек» күйі мен Сүгірдің «Бес жорға» шығармасын орындады.

 «Үміт» домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар. Бұл жеңіс ансамбльдің барлық қатысушыларының қажырлы еңбегінің нәтижесі», – дейді Саран қаласының Балалар өнер мектебі директоры тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Салова.

Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды
Қарағандылық жас домбырашылар Чехиядан бас жүлдемен оралды

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА