07.11.2024

Бүгін елордада 6 мың түлек үшін соңғы қоңырау соғылды

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 6274 оқушы мектеп бiтiредi. Бүгін қаладағы барлық мектептерде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазiргi уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5856 оқушы (93,3 %) ниет бiлдiрiптi. Оның ішінде қазақ тілін 5791 оқушы тапсырса, орыс тілінде – 2068, ал ағылшын тілін 12 оқушы таңдаған.

Айта кетейiк, өткен оқу жылы 5329 түлектер ішінен ҰБТ-ға 90,7%-ы қатысты.

Сол сияқты «Алтын белгіге» 324 түлек үмiткер болса, үздiк аттестаттауға 352 адам қатыспақ. Ɵткен жылғы кɵрсеткiшпен салыстырар болсақ, «Алтын белгі» иегерлер саны – 301,  үздік аттестат – 322.

Биыл түлек саны ең кɵп №54 мектепте тiркелген – 151 түлек. Ал «Алтын белгіге»  үміткерлердің ең көбi №1 мектепте жəне физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (16 адам), №48 мектепте (13 адам), №69, №62 және Нұр Орда мектептерінде (11 адам), №61 мектепте және БИЛ (ұлдар) – 9 адамнан тiркелген.

 «Үздік аттестат алатын үміткерлер: 30 түлек – физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде, БИЛ қыздар – 21 түлек, Нұр Орда – 20, БИЛ ұлдар – 19, №51 және Назарбаев зияткерлік мектебінде (Халықаралық бакалавриат) – 12 және №1, №17, №56, №66 мектептерде 11 түлектен бар»,- деп мәлім етті қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА