07.11.2024

Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма – министр жауабы

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова баласы сабаққа бармайтын ата-аналарға айыппұл салуға қатысты түсініктеме берді.

Жалпы, айыппұл балаларын мектепке жібермейтін ата-аналарға арналған. Өкінішке орай, мұндай проблема тек бірінші сыныпта ғана бар. Дегенмен өзге де сыныптарда кездесіп жатады. Сондықтан проблеманың бір жағын шешіп жатсаң екінші жағы шыға келеді. Бірақ, барлығына бірдей айыппұл салу туралы сөз болып отырған жоқ. Әр мәселе жеке-жеке қаралатын болады», – деді Күләш Шәмшидинова бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында  WhatsApp мессенджері арқылы «Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15883 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарап, ата-аналардың ренішін туғызған болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА