23.11.2024

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәрбие берудің инновациялық әдістерін зерделеуде

Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарының 100-ден астам оқытушысы мен тәрбиешіcі ҚР Президенті Іс Басқармасы  Медициналық орталығының   «Қарлығаш» балабақшасы ұйымдастырған «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» атты семинарына қатысты.

Жиынға Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші мамандары, сарапшылары мен ғалымдары тәжірибе алмасу және балаларды оқытудың инновациялық әдістерін талқылау үшін бас қосты.

Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, елордалық Білім беруді жаңғырту орталығының, «Бөбек» балабақшасы мен республиканың жетекші университеттері және мектепке дейінгі ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинарды ашқан ҚР Президенті Іс Басқармасы  медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой: «10 жыл бойы біздің педагогтар халықаралық тәжірибені зерделеп, оны жергілікті жағдайға қарай бейімдеді. Қазір біз жинаған білім мен тәжірибемізді республиканың балабақшаларымен бөлісуге дайынбыз», – деді.

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәрбие берудің инновациялық әдістерін зерделеуде

«Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Ирсалиев адамның қалыптасуындағы мектепке дейінгі білім берудің шешуші рөліне тоқталып, оған тиісті назар аудару қажеттігін баса айтты.

«Қазақстанда білім берудің әрбір деңгейінің өркендеуі үшін жағдайлар жасалған. Орта білім беру деңгейінде – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Дарын» орталығы, кәсіптік білім беруде – «Кәсіпқор» холдингі, жоғары білім беру деңгейінде – Назарбаев Университеті және «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеуде. Ал мектепке дейінгі білім беруде «Қарлығаш» балабақшасы осы миссияны толықтай атқара алады және осы саладағы ең озық даму орталығына айналуы тиіс», – деді ол.

Семинар қатысушылары балаларды оқытудың озық әдістерімен, соның ішінде қазақ тілін үйретудегі «тілдік ортаға бойлау әдісі» және балалардың шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативтік және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған «сингапурлық технологияларымен»  танысты. Қатысушылар робототехника және математика дағдыларын дамытуға арналған «STEAM технологиясының» маңыздылығын атап өтті.

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәрбие берудің инновациялық әдістерін зерделеуде

Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді басқару, этнопедагогика, балабақшаларды цифрландыру және «Кнайп неміс сауықтыру технологияларына» арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Семинар аясында ҚР Президенті Іс Басқармасы  Медициналық орталығы мен «Өрлеу» БАҰО, «Астана» халықаралық ғылыми кешені және Нұрсұлтан қаласы гуманитарлық колледжі арасында өзара әріптестік бойынша Меморандумдарға қол қойылды.

Семинар «Қарлығаш» балабақшасының бірегей тәжірибесін еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарына тарату, оқытушылардың біліктілігін және еліміздің мектепке дейінгі тәрбие және білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәрбие берудің инновациялық әдістерін зерделеуде

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА