23.11.2024

Асхат Аймағамбетов ауылдың дарынды балалары қалай анықталатынын айтты

Ауылдардың, шағын қалалардың дарынды балаларын қолдаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Дарынды балаларды анықтаудың қолданыстағы жүйесі ауылдағы және шағын қалалардағы  дарынды балаларды анықтап, қолдауға өте аз мүмкіндік береді. Олимпиадаларға, конкурстарға көбінесе қаланың гимназия, лицей оқушылары қатысып, жеңіп, ауыл балалары тасада қалатыны жасырын емес. Осыған орай, министрлік Тұңғыш Президент қорымен бірге дарынды балаларды қолдаудың жаңа тұжырымдамасын әзірледі», – деді ол.

Министрдің айтуынша, енді басты назар ауылдық жерлердегі және моноқалалар балаларына бөлінеді. Іріктеу критерийлері теориялық білім емес, логикалық ойлау және практикалық дағдыға негізделеді.

«Биыл «Мектепке жол» акциясы бойынша министрлік қосымша шараларды қолдады. Ол 1 шілдеден басталып та кетті. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында еріктілерді тарта отырып, жылжымалы пунктер мен ұтқыр топтарды ұйымдастыру жоспарланған. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша министрлік тарапынан тиісті шаралар қабылданып, сапалы орындалатын болады», – деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА