07.11.2024

Арыста 100 оқушыға мектеп құралдары табыс етілді

Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә. Жангелдин атындағы мектепте Алматы қаласы «StartTimе» ЖШС бастамасымен «Мектепке даярлық» атты шара өтті. Оның аясында 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табысталды, деп хабарлайды Қазбілім облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы.

Бұл сыйлықтар «StartTime.kz» порталында Арыс қаласына көмек ретінде 400-ден аса қазақстандықтан жиналған 2 млн 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.

Игі бастаманың басы-қасында  «StartTime» ЖШС директоры Азиза  Өтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және Арыс қаласы білім бөлімінің басшылығы жүрді.

Айта кетейік, 26 маусымнан  бастап «StartTimе» ЖШС еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1, 4 млн теңге қаражатты «Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.

Арыста 100 оқушыға мектеп құралдары табыс етілді
Арыста 100 оқушыға мектеп құралдары табыс етілді

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА