07.11.2024

Байбек халықтың өтінішіне байланысты апатты жағдайдағы мектепке барды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар барысында ол аймақтық партия активімен кездесті. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясының жұмысын жандандырып, партия мен фракция арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту керектігін айтты. Одан бөлек, партия жергілікті жерлерде депутаттармен бірге Елбасының әлеуметтік бастамаларын, мемлекеттік бғдарламаларды және бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қатаң бақылауға алуы тиіс екеніне назар аударды.

Партия облыстық филиалының конференциясында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды тұғырнамасы қоғам үшін біріктіруші рөл атқарып, мемлекеттік аппаратты сапалы әрі тиімді жұмысқа жұмылдыру керектігін де тілге тиек етті.

– Қазір партия үшін ең маңызды мәселе – халықтың сенімін арттыру. Сондықтан күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау ісінде депутаттармен қарым-қатынасты қайта қарап, күшейту керек. Депутаттық сауалдар халықтың алаңдатқан аса өзекті мәселелермен үндесіп жатуы тиіс. Өкінішке қарай қазір фракциялардың жергілікті жердегі жұмысы кейбір талаптарға сай емес, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес Қоғамдық қабылдау жұмысын жетілдіруге, кері байланысты күшейтуге және халықтың мұң-мұқтажына байланысты жедел әрекет етуге ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Ол үшін партиялық бақылауды күшейтіп, сол арқылы атқарушы органдардың жауапкершілігін көтеру міндеттеледі.

Бұдан басқа партия халықтан келіп-түскен әрбір өтінішті жіті бақылауға алып, тікелей жұмыс істейді. Сондықтан партия мемлекеттік органдардың халықтың өтініштеріне жауап беріп, мәселелерді оң шешу жолындағы жұмыстарды мұқият бақылауға алуы тиіс.

Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары алғашқы жартыжылдықта партияның Орал қалалық филиалында қала әкімінің орынбасарлары бірде бір қабылдау өткізбегенін қатаң сынға алды.

– Егер қалалар мен елдімекендердің әкімдері, олардың орынбасарлары қоғамдық қабылдау арқылы халықпен кездеспесе партиялық тәртіп мәселесін көтеріп, лауазымына қатысты партиялықтың кодексіне сәйкес шара қолданылады, – деді ол.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек партияның облыстық филиалына келіп түскен өтініштер бойынша әлеуметтік нысандарды аралады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сайлауалды тұғырнамасында 2023 жылға дейін апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесін толығымен шешуге уәде берген еді. Соған байланысты партия бұл мәселені қатаң бақылауда ұстайды.

Соның аясында Бауыржан Байбек Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен бірге 58 жыл бұрын салынып, бүгінде апатты жағдайда тұрған №31 мектептің жай-күйімен танысты. Бүгінде аталған мектепті сүріп тастап, орнына жаңа білім ордасын салу туралы шешім қабылданған. Соған орай балалар мен мұғалімдерді уақытша жақын жердегі мектептерге орналастырмақ.

Сонымен бірге партия Төрағасының Бірінші орынбасары баспаналары тозығы жеткен апатты жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасына қатысатын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру тек тұрғын үй талаптарын жақсартып қана қоймай, жүздеген отбасының әлеуметтік ахуалын жақсартуға, қала экономикасына қосымша инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы салықтың түсімін қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясында аймақ басшысы Ғали Есқалиев партияның жергілікті активінің қолдауымен облыстық филиалдың төрағасы болып сайланды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА