07.11.2024

Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Білім министрі ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Білім министрі ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібін өзгерту маңызды шешім екенін атап өтті.

“Достар, мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР президенті тағайындап келді. Бұл шешім сол кездегі ірі жоғары оқу орындарына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын. “Назарбаев Университеті” ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұмысына Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды көздеді. Мұндай саясат өз нәтижесін берді. Дегенмен, бәсекенің жоқтығы және “Президент тағайындауы” мәртебесі оқу орнының дамуына оң ықпалын тигізбейді. “, – деді Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттікке қол жеткізгенін айтты.

“Сонымен қатар, өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттіктер мен еркіндіккке қол жеткізді. Сол себепті мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын конкурстық негізде тағайындау туралы шешім қабылдады”, – деді ол.

Министр ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінімізді атап көрсетті.

“Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз?
Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады.
Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.
Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын қарастырады.
Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік. Мемлекет басшысының тапсырмасы сөзсіз жүзеге асырылатын болады. Өз тарапымыздан, өткізілетін конкурстардың айқындылығы мен адалдығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз”, – деп түсіндірді білім министрі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА