22.11.2024

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 100 МЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

2014 жылғы 3-15 маусым аралығында республикада Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін болады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 10 жыл ішінде 1 миллион 335 мың адам қатысты, яғни мектеп түлектерінің жалпы санынан 80%-ды құрайды. Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. 154 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінде 100 мыңдай мектеп бітіруші түлек қатысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БАҚ-тың қатысуымен педагогтер және ата-аналар жұртшылығының, облыстық білім басқармаларының, білім саласындағы бақылау департаменттерінің қызметкерлерінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілерінің, ҰБТ өткізуге жауаптылары мен басшыларының, ЖОО-ның қызметкерлерінің, мектептердің директорлары мен оқу меңгерушілерінің, ағымдағы жылғы мектеп бітірушілерінің, ҰБТ өткізу пункттерінің басшыларының қатысуымен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары интерактивтік режимде де өтуде. Интерактивтік режимдегі кеңес жұмысында республиканың ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен педагог жұртшылығы қатысуда. Аталған жұмыстың басты міндеті Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу ережелері мен технологиясын түсіндіру болып табылады. Бітірушілер арасындағы түсіндіру жұмыстарына, ҰБТ өткізу кезінде пайда болатын проблемаларды: бітірушілердің өтініш беруге еріктігі, тестілеуге қатысу үшін өтінішті уақытылы қабылдау, апелляцияны өткізу тәртібін талқылауға аса көңіл бөлінуде. Бұдан басқа, Министрдің және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайтына ҰБТ-ны өткізудің технологиясына қатысты сұрақтар түсуде, оларға толық түсіндірме жауаптары уақытында берілуде. Тестілеуді объективті және ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Ұлттық тестілеуді өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы оқытылған өкілдері белгіленеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жергілікті атқарушы органдар барлық ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты және ыңғайлы өткізу үшін қажетті жағдайлар жасауда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

www.kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА