Білім сертификатына ие болған түлектерге қала басшысы сәттілік тілеп, ата-ана мен ел үмітін ақтайтындарына сенім білдірді.
Жыл сайын әкімнің гранты қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерi қатарынан жетiм балаларға, балалар үйiнiң түлектерiне, бала жасынан мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Сонымен, биыл 49 түлек сертификат иегері атанды.