07.11.2024

Оқушыны басқа мектепке ауыстыру үшін пара алған директорға айыппұл салынды

Алматы қаласында мектеп директоры оқушыны еш кедергісіз басқа мектепке ауыстырып беру үшін 50 мың теңге пара алған.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “№98 жалпы білім беретін мектеп гимназиясы” КММ бұрынғы директоры Д. А. Найзабековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол оқушыны “№181 жалпы білім беретін мектеп гимназия” КММ-нен №98 мектепке еш кедергісіз ауыстырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

“27 қыркүйекте Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық соты пара алған Д. А. Найзабековаға қатысты үкім шығарып, директорға 1 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді”, – делінген хабарламада.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА