«Цифрлық Шығыс – 2019» IT-форумы аясында облыс мектептерінің оқушылары ШҚО әкімдігінің Инвестициялық орталығында SturtUp жобаларын қорғады. Қатысу үшін ең үздік 15 жоба таңдалды.
Балалардың жобаларын сараптамалық қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында облыс әкімі аппаратының, жоғары оқу орындарының және өңірдің IT-компанияларының өкілдері болды.