07.11.2024

Асхат Аймағамбетов мұғалімнің даулы сұхбаты туралы: Әркім өз пікірін білдіруге құқылы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде тараған көкшетаулық мұғалімнің даулы сұхбаты жөнінде пікір білдірді.

«Достар! Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видеосұхбаты кеңінен таралып жатыр. Аталған роликте көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну – маңызды, ал біздің міндетіміз – осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу», – деп жазды министр Фейсбук желісіндегі ресми парақшасында.

Министр Мемлекет басшысының барлық ұсыныстарды мұқият зерделеу туралы тапсырмасын еске салды.

«Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. Сенбі күні әріптесімізбен кездесіп, осы мәселелерді талқылаймыз», – деп жазды А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, тарих пәнінің мұғалімі, көкшетаулық Әлия Ахетованың сұхбаты YouTube желісінде 3 қазанда жарияланды. Өз сұхбатында мұғалім жаңартылған оқу бағдарламасын, бағалау жүйесін және сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын сынға алған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА