23.11.2024

Кентау қаласына қарасты елдімекенде жаңа мектеп пайдалануға берілді

Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Ақын-тұма елді мекенінде жаңа мектеп пайдалануға берілді. Шалғай ауылдың оқушылары енді екінші тоқсанды жаңа білім ұясында оқитын болды.

Осы уақытқа дейін аталған елді мекенде бір қабатты бастауыш мектебі ғана болған. Ал жоғары сынып оқушылары ауылдың орталығына қатынап білім алып келген. Енді мұндай қиындықтар артта қалды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ауылда 300 орындық жаңа мектеп бой көтерді. Ақын-тұма атындағы білім ошағын салу жұмыстары өткен жылы басталып, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды. Жалпы аумағы 6949 шаршы метрді құрайды. Енді ауыл балалары заман талабына сай білім алатын болды.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Самат Расул мен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиналғандар білім ұясының ашылуына орай ізгі тілектерін жеткізіп, мектептің лентасын кесті.

Айта кетейік, заманауи үлгіде салынған ғимаратта күнделікті сабақтарға қажетті құрал-жабдықтармен қатар, зертханалық, пән кабинеттері бар. Спортзал мен асханасы да қарастырылған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА