22.11.2024

Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.
Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті.

«Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп директорларын мемлекеттік сатып алудан босатып, зияткерлік жұмыстармен айналыссын» дегенімде барлығы қолдады», – деді бүгін Алтай Көлгінов «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесуде.

Бұған дейін әкім орынбасары Бақтияр Мәкен мектеп директорларының кабинеттерін кішірейтіп, бос аумақты оқушыларға беру қажеттігін айтқан еді.

Сонымен бірге, мектепті ұзақ басқарған директорларға пилоттық ротация жүргізу ұсынылды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА