22.11.2024

Талдықорғандық оқушылар робот-мұғалім құрастырды

Талдықорғандық оқушылар робот-мұғалім құрастырды. Осы жобасымен олар Венгрияда өткен халықаралық робот техникасы олимпиадасында 3-орынға ие болды.

Құлтемірді Даниил Филимонов пен Лина Пак және алматылық тағы бір оқушы сәуірде құрастыра бастады. Алдымен облыстық іріктеу байқауына қатысып, топ жарады. Кейін роботты жетілдіріп, республикада үздік атанады. Кемшіліктерін жойып, әбден пысықтап халықаралық додаға шықты.

Айтуларынша, роботты толық жасауға жарты жыл кетті. Мектеп оқушыларының ойлап тапқан құлтемірі бірнеше пәннен сабақ беріп, инклюзивті балаларды да оқытуға қабілетті. Яғни нашар естіп, көру қабілеті төмен оқушыларға да бейімделген.

«Бұл роботты болашақта мұғалімнің көмекшісі ретінде қолдануға болады» дейді жоба авторы Даниил Филимонов.

Даниилдің айтуынша, қазіргі таңда робот камера арқылы оқушының кім екенін анықтауға қабілетті. Сондай-ақ, ол есту қабілеті төмендерге ишара белгілерін үйретіп, көру қабілеті нашарларға брайль тілін оқыта алады.

Айта кету керек, робот-мұғалім қазір тек ағылшын тілінде сабақ жүргізеді. Себебі олимпиада халықаралық болған соң, бағдарламалар да ағылшын тілінде дайындалды. Оқушылар, қажет болса, құлтемірді қазақ тілінде де сөйлетуге дайын.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА