07.11.2024

Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім грантын бөлетін болады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қабылданған заң аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін анықтау, оны бөлу мен орналастыру бағытындағы құзыреті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі. Қабылданған бұл өзгеріс саладағы маманды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуге және мамандық бойынша гранты дұрыс бөлуге мүмкіндік береді деп күтілуде», делінген хабарламада. Жоғарыда аталған заңның білім беру гранттарына қатысты өзгерістер мен түзетулер енгізілген нормалары 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында қабылданған. Онда Қазақстан Республикасының 13 кодексі мен 29 заңына 800-ден аса түзету енгізу қарастырылған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА