07.11.2024

СҚО-да ауыл мектептеріне 33 автобус беріледі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов БАҚ өкілдерімен кездесуде жыл қорытындысы мен 2020 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

Аймақ басшысы 2020 жылы әлеуметтік сала шығындары ұлғаятынын еске салды. Білім беру саласына бөлінетін ақша 46%-ға артқан.

«Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2019 жылы облысымыздың білім беру нысандарының 40 %-ына жөндеу жүргізілді. Келесі жылы да жалғасатын болады. 3 мрлд теңге бөлдік. Егер республика бойынша салыстыратын болсақ, жөндеу жұмыстары жүргізілетін білім беру нысандарының көп бөлігі біздің облыста деп нақты айта аламын», – деді облыс әкімі.

Ол ауыл мектептеріне балалардың қатынау мәселелері туралы айтып өтті. 44 автобус жетпейді.

«Біз қаражат жинадық, келесі жылы қажетті 44 автобустың 33-ін сатып аламыз», – деп нақтылады Қ.Ақсақалов.

2020 жылы колледждерді жабдықтауға 1,3 миллиард теңге бөлінеді. Төрт колледжге станоктар, заманауи құрал-жабдықтар сатып алынады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА