22.11.2024

Вице-министр үндеу жасады.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын, әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастыруда болатын. Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық.
Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы – осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа.
Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді.
Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз.
Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда.
Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша Жобалау офисі құрылып отыр. Пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді.
Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға “Балапан” және “Ел-Арна” телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді. Ұстаздарға тек қолдау қажет!
Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!

ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Салеметсиз бе??менин есимим нурлан менде планшет. Жок сотка жох уйде интернет жох ноутбукм бар бирак жондеу жумысы керек мен 5 баламды озим караймын айелим окуда немесе уакытша ноутбук берип туратын жандар барма?минстрлердын кулагына алтын сырга отиниш ?87016785550 телефон номерим
    Комектесулеринезды отинемиз

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА