22.11.2024

Мектеп бухгалтері 24 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Атырау облысындағы мектеп бухгалтері 24 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Айыпты тұлға заңға қайшы әрекеттерін жасауда қызмектің бабын пайдаланған Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас бухгалтері» – делінген хабарламада.

Жылыой аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА