лттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды,
«Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», – деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.
Ұлттық кеңес мүшесі сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды автономияландыру бағытындағы жұмысын қолдайтынын жеткізді.
«ЖОО-ларға автономиялық мәртебе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзірет берілуі керек», – деді ол.
Мен шет ел қазағы