22.11.2024

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыру қажет – Президент

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сонымен қатар докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керектігін баса айтты.

«Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА