07.11.2024

Жоспардан тыс мектепті тексеру басталды

IQanat High School of Burabay мектебінде санитарлық карантин талаптарының бұзылу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру басталды.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде аталған шарада мектеп оқушыларының және өзе де қатысушылардың маскасыз әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтамай түскен суреті әлеуметтік желіде тараған болатын.

Осыған орай еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл фактіні білетіндігін және кінәлілер жазаланатындығын айтқан еді. Сәл кейінірек Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірлік полиция департаментімен бірлесіп, санитарлық карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша IQanat High School of Burabay мектебінде жоспардан тыс тексеру бастағаны белгілі болды.

Бұл жайында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігі бақылау комитетінен мәлім етті.

«Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің және Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің қаулысы талаптарын бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік кодексі 425-бабы 1-тармағымен әкімшілік әрекет ету шаралары қолданылатын болады. Бұған қоса, адамдар көп жиналған аталған шараның Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментімен, Бурабай аумақтық басқармасымен алдын ала келісілмегендігін хабарлаймыз» делінген ведомство ақпаратында.

ҚР Білім және ғылым министрлігі де орын алған осы жайтқа орай түсініктеме берді.

«Бұл – бірегей мектеп. Меценаттар оның құрылысына жеке қаражатын салды. Бұл мектепте ауылдан шыққан, өткізілген олимпиада қорытындысынан іріктеп алынған дарынды балалар тегін білім алады. Мектеп әкімшілігі оқушылар мен мектептің педагогикалық персоналы COVID-19-ға 2 рет тест тапсырғанын, медицина қызметкерлерінің бақылауымен екі апта оқшаулаудан өткендігін хабарлады. Сонымен қатар мектеп оқушылары бірінші тоқсан бойы ПТР-тестін оқтын-оқтын тапсырып отырады», – деді Білім министрлігінен.

Министрлік мәліметінше, мектептің өзі ауылдық жерде орналасқан және елді мекеннен оқшауландырылған.

«Балалар сол жерде жатып оқиды. Мектептің ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері шақырылған. Меценаттар ауылдан шыққан талантты балалардың білім алуы үшін басқа да өңірлерде осындай мектептер ашуды жоспарлап отыр», – деді ведомстводан.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА