22.11.2024

Жыл бойы 150 студент жатақханада тұрып, білім алды – ЕҰУ ректоры

Біз қаржылық бағытта көмек көрсету арқылы университеттің инфрақұрылымын күшейтіп алдық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты.

Биыл студенттердің сессиясына не себепті мұншама көңіл бөлінгендігін айтып өтейін. Бұл сессия пандемия кезінде өткен жалғы сессиядан кейін өтіп отырған сессия. Жылына екі рет өтетін сессия студенттің білімін бағалау ғана емес, бұл – университет қызметін бағалауға да ұқсайды. Сессия кезінде университеттің инфрақұрылымы қалай, оқытушылардың біліктілігі қалай – осылардың бәріне қарап болашақ бағыт анықталады», – дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Оның айтуынша, коронавирус індеті аяқ асты келгенімен, ҚР Білім және ғылым министрлігі жағдайды бірден қолға ала білді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орынларымен тікелей байланыста болып, ақылдасқаны себепті қашықтан оқуға көшу барысында қиындықтар болған жоқ десе болады. Соның арқасында жазғы сессия да, ҰБТ да ың-шаңсыз өтті. Қысқы сессияға дайындық қаржылық, материалдық қолдауды да қажет етеді. Біз қаржылық бағытта көмек көрсету арқылы университеттің инфрақұрылымын күшейтіп алдық. Жағдай жасалуының арқасында жыл бойы 150 студент жатақханада жатып білім алды»,- дейді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА