23.11.2024

Қарағанды облысында 18 білім ошағының атауы өзгерді

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ақпаратына сенсек, ҚР Үкіметінің 21 желтоқсандағы қаулысымен Қарағанды облысындағы 18 білім ұйымы мен бір мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілген.

Қарағанды қаласында:

№ 102 мектеп-гимназиясына – Әл-Фарабидің,

№ 92 гимназиясына – Сәкен Сейфулиннің,

№38 гимназиясына – Қаныш Сәтбаевтың,

№77 мектеп-балабақша кешеніне – Бауыржан Момышұлының,

№58 жалпы білім беретін мектепке – Нұркен Әбдіровтың,

№ 103 мектеп-лицейіне – Әлімхан Ермековтың

Теміртау қаласында:

№ 15 қазақ мектеп-гимназиясына – Әлихан Бөкейханның,

№ 23 мектеп-лицейіне – Бауыржан Момышұлының

Саран қаласында:

№ 4 жалпы білім беретін мектебіне – Абайдың

Бұқар жырау ауданында:

Жалпы білім беретін мектептерге Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп, Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәбит Мұқанов, Әлкей Марғұлан, Талғат Бигелдиновтың

Жаңаарқа ауданында:

Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Сәкен Сейфулиннің, аудан орталығындағы жалпы білім беретін мектепке Ақселеу Сейдімбектің (аталған мектепте Ақселеу Сейдімбек білім алған) есімі берілді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА