Home Керекті кеңес Министр мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдау туралы айтты

Министр мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдау туралы айтты

0

Біздің басты мақсатымыз – қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін барынша күшейту үшін «жастық пен тәжірибенің үйлесім табуын» қамтамасыз ету. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Жаңа көзқарасы бар жас кадрларды жұмысқа қабылдай отырып, тепе-теңдік пен ұрпақтар сабақтастығы сақталатын болады. Министрлік тарапынан іске асырылып жатқан кадрлық саясат туралы қоғамда неғұрлым толық және объективті түсінік қалыптастыру мақсатында алдағы бірнеше аптаның ішінде жаңадан тағайындалған басшылар кішігірім сұхбат береді.Сұхбат барысында жас көшбасшылар басқарып отырған ұйымдарын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспарын (1), жүзеге асырылатын негізгі реформалар (2), жұмыс жоспарын іске асыру үшін жүйеге тартылатын ресурстар (3) және жаңа басшының тағайындалуынан бастап ұйымның алдағы уақытқа жоспарланған жұмыс нәтижелерімен (4) бөлісетін болады.

Сонымен қатар бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыру үшін жақын арада біз жаңа жоба бастайтын боламыз. Атап айтсам, «Кадрлық резерв» жобасы. Біз білім және ғылым жүйесінде басшылық лауазымға ұсыну үшін табысты әрі дайындығы мықты үміткерлерді іріктеуді жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Жоба бойынша іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат жеке жарияланады.

«Бұдан бөлек жақын арада біздің бастамамызбен жүзеге асырылатын директорларды ротациялау институты, оларды тағайындаудың жаңа қағидалары және мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгізетін нормалар жүзеге асырыла бастайды», – деп түйді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Асхат Аймағамбетов кез-келген саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін басқарушы элитаны үнемі жаңартып отыру қажеттігі туралы айтты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version