Home Жаңалық 2020 жылы Білім министрлігіне 6,5 мың шағым түсті

2020 жылы Білім министрлігіне 6,5 мың шағым түсті

0

2020 жылы Білім және ғылым министрлігіне 6,5 мың шағым түсті. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бұл туралы “Қазақпарат” агентігі хабарлады.

Министрлікке көптеген өтініштер мен арыз, шағымдар түсіп жатады. 2020 жылы жалпы құжат айналымын қарастырар болсақ, тек қана министрліктің өзінде 115 мың хат, оның ішінде 6 500 арыз, шағым түскен екен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен қарағанда 2 есеге артық. Министрліктің көмек көрсету орталығына 20 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Министрліктің әлеуметтік блогының өзіне 2 500 арыз, шағым және 6 мың хабарлама қарастырылды. Бұл да Мемлекет басшысы белгілеген «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында істеліп жатқан жұмыстың бір көрінісі деп айта аламыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол Білім министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жұмысын ашық өткізіп жатқанын айтты. Әр жұма сайын өтетін ведомствоның аппарат жиналысы да әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілетіндігін еске салды.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version